Жаңалықтар

 

18 ақпан күні Айбынды Алтын Ордаға  750 жыл толу мерейтойы аясында музейде «Сарыарқа және Алтын Орда, уақыт пен кеңістік» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізілді.

17 ақпан күні музейде  «Ақсу-Аюлы»  ән-би халық ансамблінің құрылғанына   45 жыл толуына орай    «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» атты  әдеби-сазды кеші болып өтті.

Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуде.

13 ақпан күні музейде  Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына орай  «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты  музейлік сабағы  өткізілді.

05.02 күні Шет аудандық музейінде «Шебер қолдар»  үйірмесіне қатысушы  С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің оқушылары және ұстаздары  Есімова Гүлсара, Мұқажанова Гүлнар, Құттыбаева Гүлбала музей қызметкерлерімен бірлесе отырып,  интернат балаларына шеберлік сабағын өткізді.