13 ақпан күні музейде  Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына орай  «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты  музейлік сабағы  өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылысы туралы түсінік беру.Ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау. Оқушыларды өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу болып табылады.

Музейлік сабаққа Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның 7 «б» сынып оқушылары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Ерикова қатысты.

Сабақ  барысында музей қызметкері  бір замандағы алып империяның бүгінгі мұрагері – Қазақстан Республикасы екенін, Қазақ мемлекеттілігінің бастауы Алтын Орда мемлекеті болғандығын тарихи тұрғыда жете түсіндірді. «Ұлы Дала тарихы-халқымыздың мәңгілік мұрасы» атты слайд көрсетіліп,  сабақ соңында оқушылармен «Ел тарихындағы ұлы оқиғалар» атты маңызды тақырыптардан тұратын интеллектуалды ойын өткізілді.  Музейлік сабақтар жыл бойына жалғасын таба береді.