Күй «Әсем қоңыр»

Авторы: Дина Нұрпейісова

Орындаушы: С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстазы, күйші Мустафин Қайрат Дина Нұрпейісованың көптеген күйлері бар «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Тойбастар» т. б.

«Әсемқоңыр» атты күйде Дина Нұрпейісова балалардың алаңсыз бал дәурен шағын, шат - шадыман өмірін қызы Қоңырға арнаған екен. Шынында да, музыка мамандарының дәл бағалағанындай «Әсем қоңыр» аттына заты сай, тыңдаушыларының жүрегіне жарқын жол тапқан әсем күй. Күйдің әрбір дыбысынан бүгінгі таңдағы бақытты балалардың балғын үндері мен шат – шадыман күлкілері айшықты,айқын аңғарылып отырады.

#ШЕТ АУДАНДЫҚ МУЗЕЙІ #сарыарқакүйлері #dasturli_an_kuiler





🎼Күй «Құдаша»

🎼Авторы: Дәулеткерей Шығайұлы

🔆Орындаушы: Ақадыр кенті өнер мектебінің лауазымды қызметін атқарған өнер иесі, күйші Қуанышбек Бектұрсынов

🎼Күй ең көрнекті, айшықты туындылардың бірі. Жастық шақтың көріністерін айқын бейнелейтін шаттық сезімге толы шығарма.

#ШЕТАУДАНДЫҚМУЗЕЙІ #сарыарқакүйлері #dasturli_an_kuiler




Күй «Аңшының зары»

Авторы: Раздық Ахметжанұлы

Орындаушы: С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнері мектебінің Ағадыр кенті филиалының «Домбыра» сыныбының мұғалімі, күйші Шарбану Рахымжанова.

«Аңшының зары»- Бір аңыздың желісіне құрылған күй . Аңшылықты кәсіп қылған ағайынды екі жігіт ,бір таудың шатқалында аң аулап жүреді.Абайсызда інісінің оғынан ағасы жазым болады .Осы қайғылы жағдайды жеңгесіне естіртуге, інісі керегеде ілулі тұрған домбыраны алып,бір мұңды күй шертеді. Күй мұңынан аңшылық сапарларында не болғанын сезген жеңгесі, «Ағаңнан айрылып қалғаннан саумысың? »деген екен. Күй теріс бұрауда орындалады.



🎼Күй «Қосбасар»
🎼Авторы: Аққыз (Мүгілсім Ахметқызы)
🔆Орындаушы: Күйші Аққыз күйлерін дәріптеуші, шертпе күй шебері Болат Тәкішев
❇«Аққыз» — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы) — күйші, әнші. Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған. Аққыз өз жанынан бірнеше күй шығарған “Қосбасар”, “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, сияқты күйлері өзіндік нақышы бар шығармалар болып табылады.

«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» атты айдарымыздың бүгінгі шығарылымында сіздердің назарларыңызға күйші Дәулетбек Жүсіп Мейрамұлының орындауында қазақ күй өнерінің классигі, күйші Тәттімбет Қазанғапұлының күйі «Сылқылдақ». Күйді Тәттімбет өзімен күй сайысына түсіп өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап шығарған. «Сылқылдақ» күйі күйші шығармашылығындағы ең көрнекті, айшықты туындылардың бірі. Күй жастық шақтың көріністерін айқын бейнелейтін шаттық сезімге толы шығарма.

#Шетаудандық музейі
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler



Қ.Мұстафиннің күйі "Асыл арман". 

"Армансыз адам қанатсыз құсқа тең" демекші осы күйдің дүниеге келуі, күйшінің соңымнан еріп келе жатқан шәкірттерім жолымды жалғастырып, елге танылып, күйшілік және сазгерлік өнерімен музыка тарихында қалса деген арманнан шыққан туынды.

#Шетаудандық музейі
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler



Сүгірдің күйі «Кертолғау». «Кертолғау» тоғыз күйден тұратын тармақты болып келеді.

Бұл күй белгілі домбырашы Жанғали Жүзбаевтың орындауында 1989 жылы жарық көрген «Сүгірдің күйлері» атты күйтабақтан алынған. Күй – салиқалы ойды білдіретін толғаулы күйлердің санатындағы көркем шығарма.

Орындаған: күйші Қайрат Мұстафин.

#шетаудандықмузейі

#сарыарқакүйөңірі

#археологияэтнография

#dasturli_an_kuiler



Қыздарбек Төребайұлы «Өткінші қосбасар»
Орындаған Айдын Асылбеков.
Бұл күйді де Дәулетбек Сәдуақасовтың орындауында нотаға жазған Біләл Ысқақов. Тереңнен толғау алған, аса сазды күй. Айтары мол, ұлағаты келіскен күй бойынан ерекше сарын еседі. Құрылымдық тұрғыдан да қызықты көрінеді. Мұнда орындаушының қалыптасқан өзіндік тәсілдері мейлінше анық көрінеді. Қыздарбек егде тартқан шағында «Айғыр ұшқан» тауының басында отырып, етектегі киіктерді, тағы басқа аң біткенді қырып жүрген солдаттарды көріп жаны ашып, біресе қызылы, біресе аға келіп, елдің берекесін алған аумалы-төкпелі кезеңді суреттеген екен, - дейді бұл күйінде.
#ШЕТАУДАНДЫҚМУЗЕЙІ
#сарыарқакүйөңірі
#археологияэтнография
#oner_mektep
#dasturli_an_kuiler

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінің  Жарылғап батыр ауылында тұратын қарт домбырашы Мәкеш Тиштықбайұлының орындауында  Арқа күй мектебінің ірі өкілдерінің бірі Әбдидің «Қосбасар» күйі. Күй үлкен дүниетанымдық ойдан тұратын бітімі бөлек, кесек шығарма. Шертпе күй өнерінің шертіп көрсетер дәстүрлі үлгісі болып табылады.

       МӘКЕШ ТИШТЫҚБАЙҰЛЫ (12.02.1948 ж. туған) далалық орындаушылықтың дәстүрін сақтаған қайталанбас күйшілердің бірі. Қазақтың күйшілік өнері қазіргі кезде сиреп бара жатқан ең ұлы қасиеттердің бірі, атадан-балаға, ұстаздан-шәкіртке жалғасып отыратын сабақтастық. Күйші Мәкеш Тиштықбайұлы сол дәстүрді ұстанған Шет өңірінің көнекөз күйшілерінің қазіргі өкілі.

Мәкеш Тиштықбайұлының тартқан күйлері туралы бұл бейнежазба Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Рухани мұра» қорынан алынды. Бұл бейнежазбаны 30.04.2019-10.05.2019 аралығында Қарағанды облысының Шет ауданына жасалған экспедиция кезінде Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану PhD докторы Маулет Ардаби Ақшатау Жарылғап батыр ауылында тұратын Мәкеш Тиштықбай күйшінің өз қолынан жазып алған.

Экспедиция жетекшісі: Күйші, сол кездегі «Күй керуен шертпе күй» орталығының директоры Қайролла Сәдуақасов, экспедицияның кеңесшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану PhD докторы Маулет Ардаби, экспедиция мүшелері: Қарағанды облысының Мәдениет басқармасынын қызметкері Еркебұлан Елтай, Арқа ақшамы газетінің қызметкері Бек Ноғайбай.

#Шетаудандықмузейі

#сарыарқакүйлері

#dasturli_an_kuiler