Еспаев Дунай Амандықұлы 28.06.1970 жылы Өспен ауылында туған. 1993 жылы  Т.Жүргенов атындағы Алматы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтын театр және кино актеры, 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін юриспруденция мамандықтары бойынша бітірген.

 

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. К.Жұмабековтың “Замана неткен тар едің...” – драмасында Әбіш рөлімен Республика фестивалінің лауреаты атанып, “Ең үздік ер рөлі үшін” номинациясын жеңіп алған. Театрдағы өнер жолымен қоса республикалық байқауларға да қатысып, 1999 ж. О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  республикалық байқауында ІІ-орын, Республикалық “Шабыт” Миллениум жастар шығармашылығы фестивалінде лауреат атанған.  2007 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісін иеленген. Бірнеше рет мәдениет министрлігінің, мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Халықаралық «TÜRKSOY» ұйымы  мүшелігіне, театрлардың көркемдік жетекшілері кеңесінің мүшелігіне енген. 2010-2016ж.ж. С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі лауазымын атқарған. Қәзірғы таңда Д.Еспаев Станиславский атындағы драма театрдың директоры қызметін атқарады.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз