Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі» КМҚК.
Музей басшысы : Салтанат Дартаевна Камутбаева
Музей 1988 жылы ауданның 60 жылдық мерейтойына орай салынып, ашылды. Музейге алғаш Бақи Мақажанов жетекшілік жасады.
1988 жылдан 1997 жылға дейін Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс атқарды.
2006 жылдан бастап «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музей» болып мемлекеттік тіркеуден өтті.
2008 жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқармасы КМҚК «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы» болып мемлекеттік тіркеуден өтті.
2016 жылы Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі» КМҚК болып қайта мемлекеттік тіркеуден өтті.
Музей ғимараты ерекше пішінімен көз тартады, 1 этажды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 12.866 тг.ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат толықтай стандарттық талаптарға сай жұмыс істеп тұр.
Музей кешенінің жалпы көлемі 256,9 шаршы метр. Көлемі 183 шаршы метрден тұратын 5 экспозициялық залы бар. Ғимарат толықтай стандарттық талаптарға сай жұмыс істеп тұр.
Олар: Кіріспе залы, Шет өңірінің тарихы залы, Өнер залы, Этнография
Залы-I, Этнография залы-II.
Музей ауданның 1928 жылғы құрылған кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихынан сыр шертіп тұр.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер музейдің баға жетпес қорын құрайды.
Музей бүгінгі күн талабына сай безендіріліп, мазмұнына сай жәдігерлермен толықтырылған. Сонымен қатар, музей компьютерлермен қамтамасыз етілген, экспозициялық залында қазіргі күн талабына сай LED телевизор орналастырылды. Қазіргі күнде аудан орталығында орналасқан музейге келушілер аудан тарихы жайында толық мағлұмат ала алады.