05.02 күні Шет аудандық музейінде «Шебер қолдар»  үйірмесіне қатысушы  С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің оқушылары және ұстаздары  Есімова Гүлсара, Мұқажанова Гүлнар, Құттыбаева Гүлбала музей қызметкерлерімен бірлесе отырып,  интернат балаларына шеберлік сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,  тиянақтылыққа, сәндік – қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу болып табылады.

С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздары - сабақтың өту барысында оқушыларға түрлі-түсті қағаздан, ермексаздан небір тамашалар жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, жұмыс істеу әдістерін үйретті. Балалар өздері таңдап алған кейіпкерін ермексаз және бүктеме қағаздан сурет салу арқылы сомдады.