Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады» деп айтқандай Абай мұрасы біз үшін мәңгілік асыл қазына.

Осы тұрғыда Шет аудандық музейінде ұлы ақын, ағартушы, философ, аудармашы, композитор, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың рухани ұлағаты - Абай әлемінде» атты музейлік сабақтар өткізілуде.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Музейлік сабаққа Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия мектебінің 7 сынып оқушылары және Ф. Жүнісова қатысты. Сабақ барысында музей қызметкері оқушыларға ұлы дала ақынының ұлы тұлғасын, шығармашылығының маңыздылығын атап өтіп, баяндама жасап, Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер де айтылды. Сонымен қатар оқушыларды «Ұлы халықтың - Ұлы Абайы» атты көрмемен және слайдпен таныстырды. Көрмеге 1948 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік баспадан шыққан «Абай Құнанбайұлы» атты шығармалар жинағы және Абай домбырасының үлгісімен жасалған домбыра қойылды.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз осы іс-шараларымыз арқылы оқушыларды Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыруға, оқуға, ізденуге шақырамыз.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/261-ltty-rukhani-la-aty-abaj-leminde.html#sigFreeId3c63e1d8e8