Жаңалықтар

Шет  аудандық музейінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлты ұлықтаған –ұлы тұлға» атты Ж.Ақылбаев мектеп-гимназияның 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен  тарихи сағат өткізілді. Музей қызметкері оқушыларға қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,  туып-өскен, оқып  білім  алған, қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат  беріп және «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетті. 

Қарағанды облысының әкімі  Жеңіс Қасымбек Шет ауданына жұмыс сапарымен  келді.  Аудандағы күн электр станциясын аралап, Ақсу-Аюлы ауылындағы және Ақжал мен Ағадыр кенттеріндегі әлеуметтік нысандарға барып, тұрғындармен кездесті.

9.11.2019ж.

8-9 қараша күні – Ақсу-Аюлы ауылында, ұлт перзенті Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған ұлттық спорт түрі саятшылықтан "Ұлы дала мұрасы" атты халықаралық турнирі өтті.

22 қараша күні -   Шет аудандық музей қызметкерлеріне  ХҚКО маманы Уатаева Айжан «Электрондық мемлекеттік қызметтер» тақырыбында қызметкерлерге семинар-кеңес өткізді.

15.11.2019ж.

15 қараша  - Ұлттық валюта күніне орай  музейде «Тенге-Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы», «Ұлттық теңге – мақтанышымыз» тақырыптарында музейлік сабақтар өткізілді.

14.11.2019ж.

13-14 қараша күндері - Шетаудандық музейіне экскурсияға Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының базасындағы тірек мектебінің ресурстық орталығына Ақой, Батық, Бұрма, Дарья, Еркіндік, Өспен, Красная Поляна ауылдарынан келген жалпы орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері келді.

Шет аудандық музейінде 2019 жылдың 17 қазаны күні – Рухани келісім күніне орай «Рухани тұрақтылық – ұлттық құндылықтарды сақтауда» атты кездесу кеші  ұйымдастырылды.