15.11.2019ж.
15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай музейде «Тенге-Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы», «Ұлттық теңге – мақтанышымыз» тақырыптарында музейлік сабақтар өткізілді.
Музейде өткен шараға Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының базасындағы тірек мектебінің ресурстық орталығына Батық, Бұрма, ауылдарынан келген жалпы орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Шара барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты. Банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмді тамашалды. Оқушылар ұлттық теңге туралы тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталдар туралы ізденіс жұмысымен айналысты, ақпараттарды оқып топпен талдап, пікірлерін ортаға салып, жұмыс жасады. Сабақтан кейін оқушылар арасында шағын викторина өткізілді.Ұлттық валютамызға арналған «Ұлттық теңге тарихы» көрме ұйымдастырылды
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/246-ltty-te-ge-ma-tanyshymyz-ta-yryptarynda-muzejlik-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId10b97a192f