9.11.2019ж.

8-9 қараша күні – Ақсу-Аюлы ауылында, ұлт перзенті Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған ұлттық спорт түрі саятшылықтан "Ұлы дала мұрасы" атты халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қырғызстан мен Моңғолия мемлекетінен және Қазақстанның 13 облысынан атадан мұра болған өнерді жалғастырушы саятшылар қатысты. Екі күнге созылған дүбірлі додаға Шет аудандық музейінен бағзы дәуірден сыр шертіп, бүгінгі күннен көрініс беретін саятшылық құралдарынан «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты жылжымалы көрме апарылды.