Шет  аудандық музейінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлты ұлықтаған –ұлы тұлға» атты Ж.Ақылбаев мектеп-гимназияның 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен  тарихи сағат өткізілді. Музей қызметкері оқушыларға қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,  туып-өскен, оқып  білім  алған, қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат  беріп және «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетті. 

Болашақ  ұрпаққа  Елбасының  өмірін,еңбек  жолын  үлгі  өнеге  ете отырып, патриоттық  сезімдерін  арттыру мақсатында өткізілген шара өз мәнінде өтті.

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты кітап көрмесі жасалып, оқушылар Тұңғыш Елбасымыз туралы  кітаптар мен фотоальбомдар, Қазақстан халқына Жолдауы туралы Тұңғыш Президентке арналған  кітаптармен танысты.

Сонымен қатар оқушыларға «Этнография» залындағы жәдігерлер тарихына байланысты «Әжемнің сандығындағы құпиялар» квест ойыны ойнатылып, тапсырмаларды орындады. Тарихи сағат соңы оқушыларға музейге саяхат арқылы өз мәресіне жетті.