ДЕРІПСАЛЫ батыр Айдаболұлы портреті – 2006 жылы Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне тапсырылған. ДЕРІПСАЛЫ батыр Айдаболұлы, Абылайдың қол бастаған батырларының бірі, ұлы оқиғалардың куәсі. Туған жерді жаудан қорғау жолындағы жорықтардың бәріне қатысқан Дербісалы батыр шамамен 1707-1794 жылдары өмір сүрген. Авторы – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.