13 желтоқсан күні Отанымыз үшін ең құнды да қастерлі мереке ҚР Тәуелсіздік күніне орай Шет аудандық музейінде «Тәуелсіздік киелі ұғым» атты музейлік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында музей қызметкері қазақ елінің Тәуелсіздікке дейінгі басынан кешкен тарихи оқиғаларын баяндай отырып, Тәуелсіздік туының қолымызға оңай тие салмағанына тарихымыз куә екенін оқушыларға түсіндіріп өтті және де оқушыларды «Желтоқсан ерлік тарихы» атты тақырыптық көрмемен кеңінен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, музейлік сабаққа қатысқан Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары «Егемендік ел», «Желтоқсан» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Мектеп оқушылары патриоттық сезімдерін, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, болашақта еліміздің ар-намысты азаматтары бола алатынына сенімділіктерін көрсете білді.
Тәуелсіздік тұғырын берік ұстап, ел болашағын жаңа белестерге көтеру бүгінгі күннің еншісінде. Олай болса, бірлігіміз нығайып, берекеміз асқан ел болып, аспанымыз бен астасқан көк туымыз биіктен желбірей берсін!- дей отырып, сабақ соңы музейге саяхат арқылы өз мәресіне жетті.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/250-t-uelsizdik-kieli-ym-atty-muzejlik-saba.html#sigFreeIdd750e1a9c2