Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шет ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудандағы күн электр станциясын аралап, Ақсу-Аюлы ауылындағы және Ақжал мен Ағадыр кенттеріндегі әлеуметтік нысандарға барып, тұрғындармен кездесті.
Сондай-ақ сапар барысында облыс әкімі Шет аудандық музейіне келіп, музей басшысы Салтанат Қамытбаеваның таныстыруымен этнографиялық, тарихи залдарындағы тарихи жәдігерлерді тамашалап, аудан тарихына қатысты музей экспозициясымен танысты.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/248-11-zhelto-san-k-ni-ara-andy-oblysyny-kimi-zhe-is-asymbek-shet-audanyna-zh-mys-saparymen-keldi.html#sigFreeId20e91f7da2