Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуде.

Осы мақсатта  оқушыларға халық қолөнерін игеру арқылы алған білімдерінің нәтижесінде өз қолдарымен  сәндік-қолданбалы өнер туындыларын жасатып, бағыт-бағдар беріп келе жатқан С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздарының еңбектері ұшан-теңіз.

Осы орайда Шет аудандық музей басшысы Салтанат Қамытбаева аудандық музейішілік үйірме сабақтарына, түрлі музейлік тақырыптық іс-шараларға өз шәкірттерін үнемі қатыстырып, әрқашанда атсалысып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңашылдыққа ұмтылып жүрген   С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздары Есімова Гүлсара, Мұқажанова Гүлнар, Құттыбаева Гүлбала, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асанова Гүлшат, интернат тәрбиешілері  және   «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысушы балаларды  марапаттау рәсімін өткізіп, алғыс хаттар тапсырды.