18 ақпан күні Айбынды Алтын Ордаға  750 жыл толу мерейтойы аясында музейде «Сарыарқа және Алтын Орда, уақыт пен кеңістік» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  мерейтой аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін баса айтқан  болатын. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапхана қызметкерлері шақырылды.  Іс-шараның кіріспесін  музей басшысы Салтанат Қамытбаева ашып, Алтын Орданың әлемдік деңгейдегі тарихи маңыздылығына, тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар  музей қызметкері Б.Баяманова  қазақ мемлекеттілігінің бастауы Алтын Орда мемлекетінің тарихымен оқушыларды таныстырып, Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі мен ыдырауы, басқару жүйесі және саяси тарихы туралы кеңінен айтып өтті. «Ұлы Дала тарихы-халқымыздың мәңгілік мұрасы» атты слайд көрсетіліп және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Ұлытау – Алтын Орданың бесігі" атты ғылыми-танымдық экспедицияның  барысында жинақталған материалдары негізінде әзірленген деректі фильмі ұсынылды.

Тарихи-танымдық кешке қатысушы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің ұстазы  Ербол Қызылов Жошы хан туралы ғылыми деректер айтып өтіп, бұл тарихи датаның түркі халықтары үшін ерекше екеніне тоқталып сөз сөйлесе,  Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің «Ұлы дала тарихының сыры» атты кітап көрмесімен Алтынай Смагулова таныстырып өтті.                                            

Мақсатымыз - осындай іс-шараларымыз арқылы  ұлы далада үш ғасырдан аса үстемдік құрған Жошы Ұлысының тарихы туралы маңызды оқиғалары мен ескерткіштерін насихаттай отырып, еліміздің  тарихын білетін, бағалайтын жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.