Жаңалықтар

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі.  Бүгінгі күнде  ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап жеткізу біздің міндетіміз.

Шет аудандық музейіне Қарағанды облысы «Чернобльдің аса қауіпті аймағында болған мүгедектер ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Баекенов келіп, музейдің тарихи-мәдени мұраларымен танысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында 25 ақпан Open Space үлгісіндегі «Қазақстандық музей: жаһандану және ақпараттандыру дəуіріндегі идеялар мен шындықтар» атты кәсіби сессия өтті.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі ұйымдастырған «Ұлы Дала мұрасы» атты Халықаралық музейлер фестиваліне Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі қатысты

«Ұлтымыздың тарихын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Шет ауданының тумасы, жазушы, өлкетанушы К. Жүністегінің 80-жылдығына арналған кездесу кеші  өткізілді.

Шет аудандық музейіне Юнесконың дүниежүзілік мәдени мұра экспедициясының археологы  В.А. Новоженов келіп, тарихи – мәдени мұралармен танысып, ризашылығын білдірді. «Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы діндер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары жинақталған жинақты музей қызметкерлеріне табыстады.