«Ұлтымыздың тарихын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Шет ауданының тумасы, жазушы, өлкетанушы К. Жүністегінің 80-жылдығына арналған кездесу кеші өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде музей ұжымының және Тағылы ауылы тұрғындарымен және мектеп оқушыларымен «Ұлтымыздың тарихын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Шет ауданының тумасы, жазушы, өлкетанушы К.Жүністегінің 80-жылдығына арналған кездесу кеші өткізілді. Кеш ауылдық өлкетану музейінде бастау алып, жұртшылық Кәмел Жүністегіне арналған көрмемен таныстырылды. Музейдің қалыптасуына көптеген еңбегін сіңірген жазушының еңбектері насихатталды. Мәдениет үйінде жалғасын тапқан кездесу кешінде мектеп оқушылары Кәмел ағаның өлеңдерін жатқа жарыса оқыды. К.Жүністегінің жанынан шығарылған әндері өз деңгейінде орындалып, сонымен қатар жазушының өмірі және шығармашылығы жайлы, қаламынан қарымдаған 25 кітабы жайлы қысқаша шолулар жүргізілді. Кештің соңы виртуалды кітап көрмесімен таныстырылып, қорытыланды.
Аудандық деңгейде аталып өткен К.Жүністегінің 80-жылдық мерейтойына музей ұжымы да атсалысты. Жазушының өмірінен слайд жасап, Мәдениет Үйінде жылжымалы көрме ұйымдастырды.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/229-ltymyzdy-tarikhyn-ly-ta-an-ly-t-l-a.html#sigFreeIdaf03388ddb