#сарыарқақұндылықтары

Қақпан. Халқымыздың бағзы замандардан тартып, қақпан құрып, тор жаю арқылы түз тағыларын ұстап азық етіп, қолға үйретіп келгені мәлім. Қақпан сонау темір құралдар дәуірінен бастап пайда болған. Ол кезде мылтық тектес құралдар болмағандықтан, қақпан арқылы аң аулаған. Қақпан асыл болаттан соғылады. Қақпанның астыңғы дөңгелек шеңберін төсегі, шабатын екі жарты шеңберін қанды ауыз, екі жағындағы иіліп келетін серпу күшіне ие екі асыл темірді серпер дейді. Тиектейтін тиегі ағаштан жасалады. Қақпанды шынжыр арқылы жерге, ағаш тамырларына бекітеді. Қақпан мен шынжырдың қосылған жеріне айналсоқ орнатылады. ✓Қақпанның астына топырақ түсірмей тосып тұратын құрым киізді жапқы деп атайды.

Ұлтымыз қақпанды

✓ аю қақпан

✓бұғы қақпан

✓қасқыр қақпан

✓теке қақпан

✓елік қақпан,

суыр, борсық, сусар қақпан, қоян қақпан, қарға қақпан сияқты түрлерге бөледі. Аю, бұғы сияқтыларға құрылатын қақпанның қанды аузы ара дүзді, қос серперлі болса, елік, борсық сияқтыларға құрылатын қақпан қос серперлі, бірақ қанды аузы ара дүзді болмайды. Ал қарға, қояндарға құрылатын қақпан бір серперлі болады. Қырғауыл, елік, қоян сияқтылардың аяғын жараламай алу үшін кейде қақпанның қанды аузына киіз орап құратын да жағдай кездеседі.

✨Қақпанды Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейіне ауыл тұрғыны Талғат Алтайбаев 2021 ж. тапсырған.

#Өспенөлкесі

#Шетмузей

#Сәкенмузей