Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музей қызметкерлері Қарағанды облысының өңірлік қасиетті нысандары тізіміне Шет ауданынан енгізілген тарихи орындар - Батыр Сеңкібай Оразғұлұлы кесенесі және Қаражартас қорымына туристік маршрут ұйымдастырып, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушылары және ұстаздарымен, туристік-өлкетану маршруты бойынша тарихи орындарға саяхат жасады.

Туристік маршрут құрамында музей қызметкерлері және Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің ұстазы Е.Қызылов, информатика пәні ұстазы А.Ержанов болды.
Туристік маршрут алдымен - Шет ауданы, Талды ауылдық округінің орталығы Талды ауылынан шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан Батыр Сеңкібай Оразғұлұлы кесенесіне барып, дұға бағыштады және де кесене шырақшысы Жұмажан аға оқушыларға жергілікті жердің тарихын, Биата туралы өміріне байланысты деректерді, аңыз әңгімелерді айтты. СЕҢКІБАЙ батыр Оразғұлұлы, қазақтың айбынды да жеңімпаз батыры, әрі шешен биі. Ол 1709 ж. қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерінде туып, 1786 ж. Шет ауданының жерінде қайтыс болған. Руы Қаракесек, Қара-Шор.
Туристік маршруттың екінші бағыты – «Сарыарқа пирамидасы». Бұл жерде бізге Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің меңгерушісі Д.Шашенов экскурсия жасап, пирамида туралы мәліметтер айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзенінің бойынан шамамен біздің заманымызға дейінгі Қола дәуірде жасалған таңғажайып пирамиданың орны табылып, реставрациялық жұмыстар жүргізілген болатын. Бұл оба «Қаражартас» деп аталады және ол Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатады. Шамамен біздің заманымызға дейінгі ХІІ-VІІІ ғасырларға жататын кейінгі қола дәуірінің мәдениеті. Оның биіктігі 5 метр шамасында. Ал табаны шамамен 30 шаршы метр аумақты алып жатыр. Пирамидаға жақын жерден сол бағзы заманға тиесілі ежелгі адамдардың сүйегімен қатар, олардың қолданған тұрмыстық заттары да табылды. Оның ішінде саздан жасалған елу шақты құмыра, жебе бастары, кездік сияқты бұйымдар табылған. Туристік маршрут соңында музей қызметкері әр оқушыға экскурсиямыз туралы ақпараттық кітапшалар тапсырды.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/235-tarikhi-oryndar-a-turistik-sayakhat.html#sigFreeIdc3bd150a6c