ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор - Әбсеметов Марат Оралбайұлы,
Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне келіп, «Арғын (Қаракесек) Шұбыртпалы: тарихы һәм шежіресі» атты шежіре кітапты музей қорына сыйға тартты. Бұл тарихи зерттеу-отандық және шетелдік архивтерден, көп жылдары ел арасынан көнекөз қариялардан жинаған деректер негізінде жазылған. Кітап елін сүйер, тарихты танытуға құштар оқырманға арналған.