Жезқазған тарихи-археологиялық музейі ұйымдастырған «Ұлы Дала мұрасы» атты Халықаралық музейлер фестиваліне Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі қатысты

 

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі басшысы Қамытбаева Салтанат Дартайқызы маусымның 11-13 аралығында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырған «Ұлы Дала мұрасы» атты Халықаралық музейлер фестиваліне белсенді атсалысып «Музей қызметінің жаһандық жаңаруы-заман талабы» тақырыбын ерекше қорғағаны үшін Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен және сертификатымен марапатталып қайтты.