Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі. Бүгінгі күнде ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап жеткізу біздің міндетіміз.
Бұл орындауда қаламын қару еткен жазушыларымыздың да алар орны ерекше. Талай көштің керуенін тартқан қара нарларды қайыстырар жүк болардай әр тасына тарих тұнған, шежірелі Шет өлкесі ел мүддесі үшін күресе білген аптал азаматтар мен ақын жазушыларға бай мекен.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі. Бүгінгі күнде ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап жеткізу біздің міндетіміз. Бұл орындауда қаламын қару еткен жазушыларымыздың да алар орны ерекше. Талай көштің керуенін тартқан қара нарларды қайыстырар жүк болардай әр тасына тарих тұнған, шежірелі Шет өлкесі ел мүддесі үшін күресе білген аптал азаматтар мен ақын жазушыларға бай мекен. Солардың бірі, һәм бірегейі өлкеміздің танымал жазушысы, Қ.Р Жазушылар одағының мүшесі, ондаған тарихи романдардың авторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Шет ауданының «Құрметті азаматы» Кәмел Жүністегінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Жазушының жалындаған шырағы» атты әдеби-шығармашылық кездесу кеші Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде өткізілді.
Кездесу кешінде Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.М.Ақымжанов сөз сөйлеп, қазақпен жаны егіз, сыры мен жыры егіз қаламгерге шалқар шабыт пен баянды ғұмыр тіледі. Мерекелік іс-шара барысында К.Жүністегі өзінің әдебиетке келуі жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, жастық шағында туған жерге арнап шығарған өлеңдерін және тырнақ алды туындыларын оқырмандардың ыстық ықыласпен қабылдайтыны, әр жылдары шығарылған тарихи романдарының өз идеяларымен қалай туындайтындығы туралы сырларымен бөлісті. Кешке қатысушылар қаламгерге сауалдар қойып, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Жазушы аталарының құрметіне арнап Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия оқушылары туған жерге арналған өлеңдерін оқыды.
Кеште «Жазушының өмірі мен шығармашылығы» атты слайд көрсетіліп, Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана ұйымдастырған К.Жүністегінің жетістіктері мен шығармашылығына арналған «Көне мұра шырағданы» кітап көрмесімен кітапхана қызметкері М.Құнанбаева таныстырып өтті. Және аудандық С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстазы, күйші Қ.Мұстафин, Талды ауылының дәстүрлі әншісі Е.Жакиев ән-күйлерімен кешті көркейте түсті.
Кездесу соңында Шет аудандық музей басшысы Салтанат Дәртайқызы сөз алып, қаламгерге тың шығармашылық табыс, отбасына амандық тілей отырып, естелікке сыйлық табыстады.
Сонымен қатар, Жазушы, өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Шет ауданының «Құрметті азаматы» Кәмел Жүністегі әдеби-шығармашылық кездесу кешін жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген музей ұжымына зор алғысы мен ризашылығын білдірді.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/233-zhazushyny-zhalynda-an-shyra-y-debi-shy-armashyly-kezdesu-keshi.html#sigFreeIdf626b115e8