Шет аудандық музейіне Қарағанды облысы «Чернобльдің аса қауіпті аймағында болған мүгедектер ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Баекенов келіп, музейдің тарихи-мәдени мұраларымен танысты.

 

Қасіретке айналған алапат жарылыста, 1987 жылы Жезқазған қаласынан аттанып, Чернобль ауданындағы аса қауіпті 4-энергоблокты залалсыздандыруға қатысқан. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталған. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалінің иегері. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлерінің Қарағанды облыстық ұйымының естелік төс белгісімен және  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Музей қорына әр жылдары алған медаль және мақтау қағаздарының көшірмелерін тапсырды.