Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында 25 ақпан Open Space үлгісіндегі «Қазақстандық музей: жаһандану және ақпараттандыру дəуіріндегі идеялар мен шындықтар» атты кәсіби сессия өтті.

 

Сессия жұмысына 52 ұйым қатысты, оның ішінде мәдениет басқармаларының өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мұражай мекемелерінің басшылары, қор сақтаушылар, жәдігелерді қалпына келтірушілер және басқа да мұражай қызметкерлері.