Жаңалықтар

Шет аудандық музейінде қазақ күй өнерінің тарихында лы із қалдырған – күйші, композитор  Сембек Айдосұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Ұлы дала перзенті – Сембек күйші» атты музейлік дәріс өткізілді.

Бүгін 15 қазан қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ұлы ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері  Сәкен Сейфуллиннің туғанына  125 жыл толып отыр. Осыған орай, Шет аудандық музейінде «Дала дауылпазы- Сәкен Сейфуллин» атты  оқушыларға  музейлік сабақ  ұйымдастырылды.

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне қолөнер шебері Шәңгерей Манабаев туралы жасалған альбомды Ақсу-Аюлы ауылы тұрғыны  Құдайберген Әлия сыйға тапсырды.

23-24 аралығында   Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Сарыарқаның  сәндік қолөнері және ою-өрнегі» атты  ғылыми-зерттеу экспедициясы  Шет аудандық музейіне келді.

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музей қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласында атап өткен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында, Қарағанды облысының өңірлік қасиетті нысандары тізіміне  Шет ауданынан енгізілген тарихи орындар  -  Батыр Сеңкібай Оразғұлұлы кесенесі  және  Қаражартас  қорымына   туристік маршрут  ұйымдастырып, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының  10 «ә» сынып оқушылары және ұстаздарымен, туристік-өлкетану маршруты бойынша   тарихи жерлерге саяхат  жасады.

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музей қызметкерлері    Қарағанды облысының өңірлік қасиетті нысандары тізіміне  Шет ауданынан енгізілген тарихи орындар  -  Батыр Сеңкібай Оразғұлұлы кесенесі  және  Қаражартас  қорымына туристік маршрут  ұйымдастырып, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының  10  «А» сынып оқушылары және ұстаздарымен, туристік-өлкетану маршруты бойынша   тарихи орындарға саяхат  жасады.

ҚР Көркем  Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор - Әбсеметов Марат Оралбайұлы,