Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне қолөнер шебері Шәңгерей Манабаев туралы жасалған альбомды Ақсу-Аюлы ауылы тұрғыны Құдайберген Әлия сыйға тапсырды.
Альбом – арнайы жасақталған көрмеге қойылды, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректер жазылған, сонымен қатар альбомда қолөнер шеберінің әр жылдары түскен фотосуреттері берілген.
Манабаев Шәңгерейдің жұбайы Мәриям Манабаева және балалары Шет аудандық музейіне келіп, музей экспозициясымен танысып, қолөнер шеберінің 1990 жылы музей қорына берген домбырасын көрді.
Манабаев Шәңгерей Қасымұлы (1926-1993) Шет ауданының оныншы ауылында туған. Қызылжар бухгалтерлік техникумының түлегі (1958). Горький ауылшаруашылық институтын бухгалтерревизор мамандығы бойынша бітірген (1977). Қолөнер шебері, ол кісінің жасаған домбырасы, бугінгі күнде музей қорында сақтаулы тұр. 1987 жылы Алматыда өткен дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында домбыра жасаушылар сайысында жеңімпаз деп танылған. Сонымен қатар шығармашылықпен шұғылданып, айтысқа қатысып, өлең-жырлары ұжымдық жинақтарға енген.
30.09.2019ж.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/238-sh-gerej-manabaev-turaly-zhasal-an-albom.html#sigFreeIdae1ca791a6