Шет аудандық музейінде 2019 жылдың 17 қазаны күні – Рухани келісім күніне орай «Рухани тұрақтылық – ұлттық құндылықтарды сақтауда» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық «Жаңқұтты би» мешітінің найб имамы А.Әкімтай, жастар ресурстық орталығының теолог маманы Қ.Махамбетчин, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия тірек мектебінің ресурстық орталық үйлестірушісі А.М.Садибекова және Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясы, Кеншоқы жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Жаңбырбаева Нүргүл қатысты.
Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Қ.Махамбетчин еліміздегі дінаралық келісімге тоқтала отырып сөзінде: «Бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтардың бірі – дін. Дін рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтың, сабырлықтың, төзімділіктің барша жақсылық атаулының бастау жолы, – деп айтып өтті. Шара барысында «Рухани келісім тұғыры» деректі фильмі көрсетіліп, оқушыларға «Біз әртүрліміз» және «Толеранттық ағашы» атты шығармашылық тапсырмалар беріліп, орындалды. Оқушылар белсенділік танытып,жақсы қатысты.
Сонымен қатар «Рухани келісім күнін қалай түсінесіз?», «18 қазан - Рухани келісім күні. Бұл мерекенің өзге ұлттар мен ұлыстар үшін маңызы қандай?», деген сұрақтар төңірегінде қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында оқушыларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға, кітаппен дос болуға және де тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа, отаншылдыққа берік болуға шақырылды.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/242-rukhani-t-ra-tyly-ltty-ndyly-tardy-sa-tauda.html#sigFreeId3123f7b1d0
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/242-rukhani-t-ra-tyly-ltty-ndyly-tardy-sa-tauda.html#sigFreeIde62fd01132