14.11.2019ж.

13-14 қараша күндері - Шетаудандық музейіне экскурсияға Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының базасындағы тірек мектебінің ресурстық орталығына Ақой, Батық, Бұрма, Дарья, Еркіндік, Өспен, Красная Поляна ауылдарынан келген жалпы орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері келді.

Экскурсия барысында оқушылар аудандық музейдің 5 бөлімнен тұратын залдарын аралап, тарихи жәдігерлер мен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушыларға ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған залдары болды. Әсіресе келі-келсап, талқы, ер-тұрман түрлеріне, "Сарыарқа пирамидасының" макетіне қызығушылық танытып, мәдени-орталықтан тамаша әсер алып қайтты.