23-24 аралығында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы Шет аудандық музейіне келді.
Музей қызметкерлері Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі мамандарына аудандағы қолөнер шеберлері, ағаш шеберлерімен кездесу ұйымдастырып, қолөнер шеберлерінің жасаған туындыларымен танысты. Сонымен қатар, облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері қолөнер шеберлерінен жасалған дайын бұйымдарын сатып алды.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/237-saryar-any-s-ndik-ol-neri-zh-ne-oyu-rnegi.html#sigFreeId2d88d3c2a3