Шет аудандық музейінде қазақ күй өнерінің тарихында лы із қалдырған – күйші, композитор Сембек Айдосұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Ұлы дала перзенті – Сембек күйші» атты музейлік дәріс өткізілді.
Музейлік дәріске Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия тірек мектебінің ресурстық орталық үйлестірушісі А.М.Садибекова және Нұраталды, Қызылғой жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты.
Сембек күйші Тәттімбет күйлерін Қыздарбектен үйренген. Арқа күйшілерінің озықтары шыққан рухани биіктен көріне білген біртуар өнер иесі және де Сембек от ауызды, орақ тілді, өз еліне Сары би атанған шешен адам болыпты. Шертпе күйдің сарқылмас бұлағы шыққан Шет өңірінде Сембектің күйлері деп тартылатын көптеген күйлері болған екен. Қазіргі күнде бізге жеткен күйлері «Наз қосбасар», «Толғау» «Сезбестің күйі», «Қосбасар».
Сонымен қатар, музей қызметкерлері оқушыларды «Шертпе күй шеберлері» атты көрмемен және слайдпен кеңінен таныстырып өтті.
Музейлік дәріске елімізде шертпе күйді насихаттап жүрген ағаларымыз шақырылып, Шет ауданының өлкетанушысы, шертпе күйді насихаттаушы, күйші, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Ертай Жәнібеков Сайдалы Сары Тоқаның “Төрт толғауының” бірінші тармағын және Сүгірдің “Жолаушының жолды қоңырын” күйлерін төгілдіре орындап, күй өнеріне кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстазы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, күйші Қайрат Мұстафин Сембектің күйі «Наз Қосбасар» және Қыздарбектің күйі «Өткінші Қосбасарды» тартып оқушыларды баурап алып, шертпе күйдің тарихына тоқталып өтті. Музейлік дәріс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар соңынан музейге экскурсия жасады.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/241-ly-dala-perzenti-sembek-k-jshi.html#sigFreeIde784464df2
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/241-ly-dala-perzenti-sembek-k-jshi.html#sigFreeId631fd9cad1