Бүгін 15 қазан қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ұлы ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай, Шет аудандық музейінде «Дала дауылпазы- Сәкен Сейфуллин» атты оқушыларға музейлік сабақ ұйымдастырылды.
Музейлік сабаққа Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия тірек мектебінің ресурстық орталық үйлестірушісі А.М.Садибекова және Талды, Шет жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты.
Ұлы тұлғаларымызды насихаттау мақсатындағы тарихи тағылымы мол осындай музейлік сабақтар өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге төл тарихымызды терең танытудағы маңыздылығы өте жоғары.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын және тарихи рөлі туралы оқушыларға айту.
Сабақ барысында оқушылар С.Сейфуллиннің өмір жолымен танысып, білімдерін тереңдетіп қана қоймай, ұлы тұлға туралы түсірілген «Өмір жолы» деректі бейнефильмін тамашалады. Сонымен қатар оқушыларға «Мен білетін тұлға» тақырыбында сұрақтар қойылып, тапсырмаларды орындады. Сабақ соңы оқушыларға музейге саяхат арқылы өз мәресіне жетті.