🆕Кешегі қазақ әйелі дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп, қоғамда өз орнын әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне дейін көтеріле білген.
✅Осы орайда Шет аудандық музейінде «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
✴Мақсаты: Оқушыларға ұстазды, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
📝Аталған шараға «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері, ұлағатты ұстаздар, білікті де іскер әйелдер, қолөнер шеберлері, мұғалімдер, оқушылар қатысты.
✨Қазіргі таңда тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салада да, ғылым, өнер, әдебиет, спортқа да барынша өз үлестерін қосып жүрген нәзік жандыларымызға іс-шара барысында қатысушылар сауалдарын қойып, пікір алмасып отырды.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/476-d-gelek-stel.html#sigFreeIdd7620b8785