Музей жұмысының бір бағыты жас ұрпақ үшін  мәдени мұраны сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды көрсету, насихаттау болып табылады.
Осы мақсатта Шет аудандық музейінде «Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштері» атты музейлік сабақ өткізілді.
Аталған сабаққа Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ барысында  оқушыларға «Ескерткіштер ел тарихы»  атты слайд, «Ақсу-Аюлы II» қорымы  туралы бейнематериал көрсетіліп, тарихи-мәдени ескерткіштеріміз туралы мол мағлұматтар беріліп, музей экспозициясындағы қола дәуірінің құмыралары, жебенің қола ұштары, қауашақтар, тесілген аңның азу тістері, қола моншақтармен таныстырылды.
Сонымен қатар, оқушылар өздері қызығушылық танытқан тарихи деректер туралы сұрақтарына тұшымды жауабын алды.