Музей – көнеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы.

Мақсатымыз- өлкеміздің тарихын, мәдениетін жас ұрпаққа жеткізу, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда, Шет аудандық музейі

«Шет өңірінің тарихын білесің бе?» атты акция өткізді.

Акцияға қатысушыларға ауылымыздың тарихы туралы мәліметтер беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.