«ОТБАСЫМ-ӨМІРІМНІҢ АЯСЫ».

Шет аудандық музейінде мектеп оқушыларын музей әлемі және музей коллекцияларымен, ауданымыздың тарихы және мәдениетімен таныстыруға бағытталған, тәрбиелік біліми мәні бар топтық сайыс - тимбилдинг өткізілді.

Мақсаты - өзіндік зерттеу жұмыстары түріндегі бірқатар логикалық музейлік тапсырмалар орындау және әр қатысушының білімін, шапшаңдығын, тапқырлығын дамыту.

Маршрут бойынша әр топ қатысушылары берілген тапсырмаларды орындап, көптеген пайдалы және танымдық ақпарат алды.