📌«Аrda media group» youtube-каналының авторы, ақын Асхат Қажытай  «Қазақстанды жаяу аралаймын» атты туристік танымдық жобасы шеңберінде Шет өңіріне келді.

❇Асхат Қажытайды музей қызметкері Мукажанов Асет Талды ауылынан қарсы алып  Шет ауданының тарихи орындары мен киелі жерлеріне туристік-өлкетану маршруты бойынша өлкеміздің тарихи орны Қаражартас пирамидасына және елімізді жоңғар басқыншыларынан азат еткен  Сеңкібай батыр кесенесіне  саяхат  жасап, өлке тарихымен таныстырды.

🔗 Тарихи орындарға сапардан соң Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне арнайы келіп, музей жәдігерлерімен танысты.