❇Маусым айының 15 күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Аюлы тауының баурайында қазақ халқының  салт-дәстүрін сақтау, насихаттау және қолөнер кәсібін дамыту, орындаушылық шеберлігін арттыру, жаңарту мақсатында   «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті.

🔗Аталған шараға Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің «Ұлттық құндылықтар ұлы мұра» атты қолөнер бұйымдарынан жылжымалы көрме апарылып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталды.

📢Этноауылға ҚР көркемөнер Академиясының академигі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.Қалқабаев, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Елубаева, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми әдістемелік орталығының басшысы К.Садвокасова, облыстық мәдени-сауық  және халық шығармашылығы ғылыми әдістемелік орталығының қызметкері А.Жармағанбетова, Кеншілер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі С.Әбдиғали және өлкетанушылар Т.Мұқан, К.Балкенов арнайы келіп, шежірелі Шет өңірінің тарихымен танысты.

#руханижаңғыру

#салтдәстүр