Құрметті әріптестер! Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлтымыздың мәйекті мәдениеті мен өнерін өркендетіп, салт-дәстүріміздің жан-жақты дәріптелуіне атсалысып жүрген әрбір азамат құрмет пен марапатқа лайықты.

 

Осы орайда, Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің қор сақтаушысы Баяманова Бархыт Мұратқызы облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, ісін адал және кәсіби атқарып, жоғары дәреже көрсеткені үшін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының құрмет грамотасымен және Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың алғыс хатымен марапатталды!