#сарыарқақұндылықтары. Жүйрік ат - Сұркөжектің бас сүйегі. Киелі жануардың иесі - Жақметжанов Жұмажан. Сұркөжектің бас сүйегі Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде сақтаулы тұр.
Сұркөжектің жасы 20-ға келгенше сол кездегі Жезқазған облысы бойынша бәйгелердің бәрінде де ат басын бермеген. Сұркөжек 1989 жылы ақырғы рет бәйгеге қосылған. Жүйрік жануар туралы қаншама тарихи әңгімелер халық арасында аңыз болып тарап кеткен. Құлагердің тағдырына ұқсас тағдыр қайталанып трагедиялық жолмен сапары аяқталған Сұркөжектің тарихы туралы ақындар жырға қосты, дастандар жазылды.
Сұркөжектің тарихын зерттеуші ақын, филолог, тарихшы Құдайберлі Мырзабек «Сұркөжек» атты деректі дастанын 1989 жылы жазған. 2018 жылы Марат Шәйке «Сұркөжек» атты поэма арнаған.
Музейге тапсырған: аттың иесі, бапкері Шет ауданы, Талды ауылының тумасы Жақметжанов Жұмажан.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/388-zh-jrik-at-s-rk-zhekti-bas-s-jegi.html#sigFreeIda226d03daf