«ШЕТ ӨҢІРІ АҚЫНДАРЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ» айдары.

Адасбек Бәпішұлы Семей губерниясы Қарқаралы уезінің Ақшатау болысында дүниеге келген. Имандылыққа үндейтін, қазақы нәзік өлеңдер жазған. Кәрсен Бапа Қызбен айтысқа түскен. Ел ішінде молла атанған.

#Шетаудандықмузейі

#сарыарқаақындары

 

ҚУАНЫШ ТІРЛІК АЛДЫ

 

Қуаныш тірлік алды, арты қайғы,

Шу жауын басы қатты, арты райлы.

Тым қысқа-ау мырза қолы Адасбектің,

Қуанышы бір өзінен артылмайды.

 

Ісі көп тіршілікте сөзі аздың,

Үн қостым қиқуына аққу, қаздың.

Ұйықтап қалғыған ел кетпесін деп,

Ұйқы ашар, белі байлы өлең жаздым.

 

 

БІР СҰЛУҒА

 

Шыққыр көз басқа қызды көрмедің бе?

Ен салдың – қызылшақа жергөгінде.

Сол қыздың ескен лебі қатты келіп,

Тұтылдың өлеңнің кеп өрмегіне.

 

Бұл озмыш пендесіне шалғай келді,

Қайғысын бір-біріне жалғай келді.

Дүние думан мынау босап қалды,

Зылиқа сиятын-ақ маңдай еді...

 

***

Қарағым, саған жазам осы хатты,

Жақсының жаттығы жоқ инабатты.

Жүректің сұлу толқын сүюлері,

Алдыңа арыз айтып, мұңын шақты.

Иранбақ шарбағында пері қызын,

Неше жыл Сейпілмәлік іздеп тапты.

Қазақтың қаны бірге, қарындасым,

Табар деп сізге сенем көңіл шарты.

 

***

Майысқан нәзік сұлу бұтақ жайдың,

Гүл жайып үлбіреген бетті шайдың.

Көп бұлақ көкорайдан тіліп ағып,

Сандалтау саясында сәнді-ау сайың.

Жел шертіп домбырасын бұлбұл әнші,

Өзгермей өсер деуші-ек осындайың.

Қызығы бұл  дүниенің өтті қалай?

Құрметін достар тастап кетті қалай?

Сайрауын сандуғаштар сайрамайтын,

Мезгілсіз суық ызғар жетті қалай?

Бұзылды тамашалы сыйың неге?

Алғасты аплотондай миың неге?

Талпынып талабыңмен тауды бұзып,

Кірмейді кідірмей-ақ күйің неге?

Сарғайса сәнді гүлдер сарғылт тартып,

Ойыма өткен өмір келер салғып.

Талпынып талабыңмен тауды бұзып,

Кірмейді кідірмей-ақ күйің неге?

Сарғайса сәнді гүлдер сарғылт тартып,

Ойыма өткен өмір келер салғып.

Талпынып табанына  «а» деп басып,

Телміріп терең оймен қалар қашық.

Ойласаң ойға тасыр талай арман,

Ойдағы шерлі шерді тауысқанша,

Тауысар тәтті күйін мына жалған.