«Музейге саяхат» жобасы аясында балаларды музейге тарту мақсатында музейлік заттарды басты назарға ала отырып «Сиқырлы домбыра» атты квест ойыны өткізілді.
Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ойын түрінде халқымыздың қолөнер бұйымдарымен таныстыра отырып, музейге қызығушылықтарын арттыру.
Квест ойыны барысында балалар музей экспозициясындағы музейлік құнды заттармен танысып, мол мағлұмат алып қайтты.