🔊Шет аудандық археологиялық - этнографиялық музейінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ зиялыларының көсемі» музейлік сабағы өтті.

🎗️Мақсаты: мемлекеттік тілді құрметтеуге, қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының тілді түрлеген ғалымдығын, қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, оның шығармаларын сүйсініп оқуға тәрбиелеу.

➡️Сабақ барысында оқушыларға  Ахмет Байтұрсынұлының  тақырыптық бейнебаяны көрсетілді.

💬Аталған шараға қатысушылар ғалым, көркемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының көптеген қызықты, құнды деректерімен танысты.