«2022 жыл – Балалар жылы» аясында және Халықаралық Аналар күніне орай Шет аудандық музейінде аудандық Аналар кеңесімен бірлесе отырып Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушыларына «Әже тағылымы» атты тәрбиелік мәні зор музейлік шара өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпаққа ата – баба дәстүрін насихаттау, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, иманды да инабатты болуға шақыру.
Әжелер «Қызға қырық үйден тыйым» атты қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғымды ұстана отырып, қыз балаларға арналған ырым-тиымдарды айтып, сонымен қатар шаш өру, сәндік әшекей бұйым - шашбау тағу дәстүрін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.