Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ата - баба дәстүріне құрметін арттыру мақсатында Шет аудандық музейінде  «Алтын қақпа» интеллектуалды сайыс өткізілді. 

2 кезеңнен тұратын сайыс ережесі салт-дәстүр, өлке тарихы, музейлік жәдігерлер, қазақ тарихы бағыттарында сұрақ жауап арқылы жүргізіліп, бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша  жүлделі орынды «Тапқырлар» тобы иеленіп, қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.