🆕Шет аудандық музейінде өлкемізде өнер жолында өзіндік өрнегімен ерекшеленіп, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген ұлы тұлға, өнер қайраткері, сазгер, актер, ақын Ермек Мұстафаұлының туғанына 105 жыл толуына орай "Есімін елі ардақтаған" атты мерейтойлық іс шара өткізілді.
➡️Шара барысында «Өнегелі өмір» атты көрме қойылып, жеке мұрағатынан алынған естелік фотосуреттері мен жеке заттары ұсынылды. Сонымен бірге, көрмеде өнер қайраткерінің музей қорында сақтаулы тұрған құнды жәдігері домбырасы қойылды.
✳Қ.Мұстафин "Әкеге арнау" атты күйін орындап, музей қорынан Е.Мұстафаұлының үнтаспаға жазылған "Зейнеп ақынның термесі " көрермендер назарына ұсынылды.
✴Іс-шараға ұстаздар, мектеп оқушылары және Е. Мұстафаұлының көзін көрген, еңбек жолы қатарлас өнер иелері ақын Т. Амандықұлы, күйші Е.Жәнібеков, Мәдениет қайраткері Г.Ахметова, әнші М.Медеуова қатысып, тереңінен ой толғап, естеліктерімен бөлісті.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/466-shet-audandy-muzejinde-lkemizde-ner-zholynda-zindik-rnegimen-erekshelenip-zh-rekterdi-zhan-zhyluymen-eritip-iyal-a-anat-sermegen-ly-t-l-a-ner-ajratkeri-sazger-akter-a-yn-ermek-m-stafa-lyny-tu-anyna-105-zhyl-toluyna-oraj-esimin-eli-arda-ta-an-atty-merejtojly-is-shara-tkizildi.html#sigFreeIdd7f57941ca