#сарыарқақұндылықтары   

✅Білезік.

⚜️Әйелдерге арналған әшекейдің көп тарағаны –білезіктер.

🔆 Білезік – әйелдердің білекке салатын алтын, күмістен жасалған сәнді бұйымы. Ол көбіне күмістен жасалған. 

 🏛️Музей қорындағы білезіктің  өзіндік  ерекшелігі  әшекейлеу тәсілінде, көлемінен де, сыртқы мүсінінен де байқалады.  Білезікке қошқармүйіз оюын салып, сіргілеп, бұрала ширатып әсемдеген. 

📍1991 жылы  Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейге тапсырылған.

📐Өлшемі: 2х18 см

🔗Жасалу техникасы: металл, ыстық соғу.