Күй «Көкейкесті»
Авторы: Тәттімбет Қазанғапұлы
Орындаушы: Күйші Аққыз күйлерін дәріптеуші, шертпе күй шебері Болат Тәкішев
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862ж) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Тәттімбет Қазанғапұлының көркемдік деңгейі өте жоғары «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Бес төре» сияқты рухани мұралары қатарында екі ғасырға жуық уақыттан бері орындалып келе жатқан «Көкейкесті» күйінің орны бөлек.
Тәттімбет қырғыз жерінде Кенесары мен Наурызбайдың қайғылы қазаға ұшырағанын естиді. Жан-дүниесі өртенген күйші шалқасынан жатқан күйі домбырасын алып, төменнен жоғары қарай шалып тартып ерекше күй орындайды. Көкейін тескен зары «Көкейкесті» болып төгіледі.
#ШЕТ АУДАНДЫҚ МУЗЕЙІ
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler