Күй «Алатау»
Авторы: Құрманғазы Сағырбайұлы
Орындаушы: С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнері мектебінің Ағадыр кенті филиалының «Домбыра» сыныбының мұғалімі, күйші Мұхатаев Сымбат Исатайұлы.
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 – 1889) – қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Артына қалдырған мол мұрасы ұрпаққа рухани тәрбие береді. Халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Қазақ ұлтының бай мұрасы «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Алатау» және тағы да басқа күйлері мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлер. Ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы халқының тәуелсіздікке жетуін армандап кеткен ұлы тұлға.
«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.
#ШЕТ АУДАНДЫҚ МУЗЕЙІ
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler