#сарыарқақұндылықтары
Ұлттық нақышта ағаштан жасалған қымызға арналған жинақ.
Қымыз ыдысының жиынтығы 8 заттан тұрады.(Шара, ожау, тостаған).
Ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.
Музей қорына 2018 жылы Шет ауданының 90 жылдық мерейтойында өлкетанушы Балтабай Боқайтегі сыйға тартқан.